$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Науқастарға тек тегін көмек көрсетіледі»: Астанадағы қалалық психикалық орталықта 17 мың адам есепте тұр

Ал 400 адам стационарда ем қабылдап жатыр

«Науқастарға тек тегін көмек көрсетіледі»: Астанадағы қалалық психикалық орталықта 17 мың адам есепте тұр
Фото: Azattyq Ruhy

Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғамдағы инклюзияны дамыту үшін және  мүмкіндігі шектеулі адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, елімізде 2024 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша, динамикалық бақылауда тұрған, психоактивті заттарды қолданбайтын, психикалық ауытқуы бар 204 408 адам тіркелген. Оның ішінде 44 781-і кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Астана қалалық психикалық денсаулық орталығына арнайы барып, директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Алмагүл Айтжанова Астана бойынша 17 мыңнан астам адам психикалық орталықта есепте тұрғанын айтты.

 «Бізде емделетін науқастардың дерті әртүрлі. Біреуінің ақыл-есі кем, туа біткен сырқат, шизофрения не болмаса көңіл-күйі бұзылып ауыратын адамдар бар. Ол балаларда да, ересектерде де кездеседі. Астана бойынша барлық науқас динамикалық есепке алынады және тегін ем алып жатыр. Олардың жағдайы жасалған, 100% ем қабылдайды. Әрбір науқастың өзінің емдеуші дәрігері болады. Маманның барлығы қалалық емханаларда отырады. Яғни, науқастарды қалалық психикалық орталықтан бөлек, өзге емханалардағы дәрігерлер қабылдай береді. Бұл науқастардың психиатрдан өзге де дәрігерлерге көрінуі үшін жасалып отыр», - дейді маман.

Қоғам көп жағдайда психикалық науқас адамдарға әлжуаз деп қарамайды. Дерті бар адамды бірден қоғамнан оқшаулау керегін айтады. Маман науқастарды қоғамнан оқшаулау олардың құқығын шектеу дейді.

«Елде менталитет сондай ғой, мысалы, егер де психиатрға көрінсе болды, ол адам сау емес, бұдан оқшаулану керек, бұны қамауға алу керек деп ойлайды. Бірақ оны жоққа шығарып отырмын. Себебі әрбір науқас жаны күйзелген кезде қиындыққа ұшырайды. Сондықтан сіз болып, біз болып, қоғам болып ол адамдарға түсіністік танытып, қамқорлығымызға алып, көмек көрсетуіміз керек. Ол әркімнің басынан өтуі мүмкін жағдай. Ешкім де одан сақтандырылмаған. Сондықтан қайырымдылық көрсетіп, оларға қамқор болу керек. Егер қоғам тарапынан ондай мейірім көрсетілмесе, олардың әлеуметтік ортаға араласуы қиын болады. Қазіргі уақытта жасалып жатқан ем-дом әсер етпеген жағдайда, стационарлық ем қабылдайды. Осылайша, 20-25 күн ем алады. Кейін қайта қоғамға оралады. Елдің ойындағыдай, есепте тұрған науқастың барлығын кісендеп, қамауда ұстау мүмкін емес. Олай істеуге болмайды да. Конституция бойынша да ондай адамдарды оқшаулауға құқығымыз жоқ», - дейді психиматр маман.

Қалалық психикалық орталықта 17 мыңнан астам адам есепте тұр. Оның 6 мыңы психоактивті заттарға тәуелді адамдар. Қазір 400 адам стационарда жатыр. Олар ем алып, жағдайы жақсарған соң, үйлеріне шығады.

Серіктес жаңалықтары