$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

22 наурыз – жаңа өмірге қадам басатын күн: бүгін қазақстандықтар Наурызды тойлап жатыр

22 наурыз – жаңа өмірге қадам басатын күн

22 наурыз – жаңа өмірге қадам басатын күн: бүгін қазақстандықтар Наурызды тойлап жатыр
Фото: Azattyq Rýhy

Наурыз мерекесі – Жыл басы, үміт пен ізгілікке толы жаңа күннің бастауы. Жыл басы – әрбір қазақстандықтың өз жетістіктерін қорытындылап, болашаққа жоспар құратын кез, деп жазады Azattyq Rýhy.

Наурыз мейрамы ең әуелі ұлттық салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен байланысты болғанымен, жаңа жылдың жаршысы ретінде бұл күн әрбір адамды, жалпы халықты алдағы мақсат-мұратын айқындауға үндейді.

Сонымен қатар, Жыл басы – әрбір қазақстандықтың төл мәдениеті мен тарихының түп тамырына бет бұратын уақыты. Бұл күн – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарына қайта оралудың символы, сондықтан ол алға үмітпен қарауға жетелейді.

Бұл күні өтетін республикалық және аймақтық іс-шаралар ұлттың болашаққа ұмтылысын бейнелеуі керек.

Қалалардың орталық алаңдарында заманауи этноауылдардың құрылуы әр адамның ұлттық мәдениеттің жауһарларымен сусындауға мүмкіндік береді. Бұл жерде біз ата-баба мұрасына, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға терең бойлап, өткеннің тынысын сезініп, жүрегімізде жаңғыртамыз, өз заманымызды терең мағынаға толтырамыз.

Әрбір қала мен елдімекенде өтетін халықтық байқаулар өтіп, мерекелік атмосфераны күшейтеді. Үйлер мен ғимараттарды, аулалар мен көшелерді мерекелік безендіру Наурыз мейрамының рухын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.

Былтыр көптеген қалаларда этноауылдар құрылып, ата-баба мәдениетін насихаттады. Астанада Көшпенділер өркениетінің фестивалі мен қаланың көрікті жерлерінде түрлі мәдени ойын-сауық іс-шаралары өтті.

Жыл басы күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл біздің қоғам өміріндегі ерекше сәт, біз мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтеміз.

Серіктес жаңалықтары