20.03.2025, 11:28
Қоғам
Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі аяқталды - ТЖМ
Сырдария мұздан толығымен тазарған
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін, 2025 жылғы 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталды. Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылды, яғни сеңнің жүруі Кіші Арал теңізіне жетті», - делінген хабарламада.
Айта кетері, Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды.
Қазір Қызылорда облысында өзендегі су деңгейіне мониторинг жасау жұмысы жалғасуда.
ТЖМ тұрғындарға су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды