«Ескі үйдің астында қалып, өлетін болдым»: Астанада тұратын 90 жастағы кейуана депутаттардан көмек сұрады
Біраз үйдің тұрғындары әбден тозған баспаналарын апатты деп таныта алмай жүр

«AMANAT» партиясының депутаттарына Астананың апатты үйлерінде тұратын қарт кісілер келіп көмек сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың айтуынша, 1960 жылы салынған үйді Астананың төрт әкімі де апатты деп танудан бас тартқан.
«Біздің қабылдауға 90 жастағы қария Вера Васильевна келіп, көмек сұрады. «Мен мына ескі үйдің астында қалып, өлетін сияқтымын» дейді зар жылаған кейуана. Тұрғындардың айтуынша, сараптама өткізуге келгендер әдейі үйдің жарамды-ау деген қабаттарын ғана тексеріп, ал, төбесі құлағалы тұрған жалпы үйдің жағдайын көрсетпейді екен. Ал, шамамен 2 млн теңге тұратын тәуелсіз сараптама жүргізуге қарапайым халықтың ақшасы жетпей ді», - деп жазды депутат, «AMANAT» фракциясының мүшесі Марат Башимов.
Оның айтуынша, қабылдауға сондай-ақ Түркістан облысындағы мемлекеттік сатып алудың заңсыздықтарын айтып бір әйел келген. Депутаттар осы екі өтінішті де қабылдап, тиісті органдарға жүгінетін болды.