$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2025, 14:08
Қоғам

Алатаудың әкімі мен прокуроры емі жоқ дертке шалдыққан баланың отбасына 3 тонна көмір түсіріп берген

Бала өте сирек кездесетін Краббе ауруына шалдыққан

Алатаудың әкімі мен прокуроры емі жоқ дертке шалдыққан баланың отбасына 3 тонна көмір түсіріп берген
Фото: скриншот

Алматы облысындағы Алатау қаласының әкімдігі мен прокурорлары Краббе ауруына шалдыққан баланың отбасына көмек ретінде 3 тонна көмір түсіріп берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті билік «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын бастаған. Осы жоба аясында олар 12 784 отбасыны аралаған.

«Олар Алатау қаласында мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасын анықтады. Бала ауыр дертке шалдыққан (Краббе ауруы, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік), алайда оны емдеуге және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін отбасы қаржы тапшылығын көрген. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар баланың отбасына азық-түлік пен 3 тонна көмір берген. Сондай-ақ бала медициналық тексеруден өтіп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқан», - деп хабарлайды  Алматы облысының прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары