$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:15
Қоғам

Қазақстанның үш облысында жазатайым оқиғалар көп болады

2021-2023 жылдары жазатайым оқиғалардың саны әжептәуір артқан

Қазақстанның үш облысында жазатайым оқиғалар көп болады
Фото: freepik.com

Республика бойынша тіркелген жазатайым оқиғалардың жартысына жуығы Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында болған. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спикердің айтуынша, елімізде өндірістегі адамдардың жарақаттануы мен өлімі әлі де азаймай тұр. Жуырда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған қайғылы жағдай соған дәлел.

«2021-2023 жылдары жазатайым оқиғалардың саны айтарлықтай артқан. Олардың 80 пайыздан астамы ірі және орта өнеркәсіп орындарында болған. Төтенше оқиғалардың 44 пайызы Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі», - дейді Әшімбаев Сенатта өткен парламенттік тыңдауда.

Айтуынша, былтыр мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ауыстырылды. Бірақ заңнаманың орындалуын бақылауды күшейтіп, алдын алу шараларын кеңейту қажет.

«Бұл бағытта бизнес, еңбек инспекциясы және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармалары тарапынан белсенді жұмыс жүргізілуге тиіс деп есептейміз», - дейді спикер.

Серіктес жаңалықтары