$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2025, 15:14
Қоғам

Бейбіт Қорған балаларына мектепте саусақ шошайтқандарды сотқа берді (ВИДЕО)

Себебі, телеарналардың бірінде Бейбіт Қорғанға қатысты ақпарат тарағанда, балалары буллинге ұшыраған

Бейбіт Қорған балаларына мектепте саусақ шошайтқандарды сотқа берді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Осыдан тура бір жыл бұрын Атырауда тұратын Нұргүл Зиханова есімді келіншек телеарналардың біріндегі ток-шоуға келіп, әнші Бейбіт Қорғаннан баласы бар екенін мәлім еткен еді. Әнші бұл мәселеге қатысты бірнеше рет пікір білдірген және баланың нақты кімдікі екенін сот шешеді деген болатын. Ал, бірер күн бұрын өзі сұхбат берген Бейбіт Қорған ДНҚ-сараптамасы бойынша, әлгі баладан оның қаны табылмағанын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Журналист Әйгерім Сейфолла Бейбіт Қорғанмен бір сағатқа жуық сұхбат құрған. Сұхбаттың соңына таман журналист «некесіз бала» туралы әңгімеге тоқталып, мән-жайды сұрады. Бейбіт Қорған болса әуел баста «бала шынымен өзімдікі шығар» деп ойладым дейді. Бірақ, ДНҚ сараптамасы бұны жоққа шығарған.  

«Мен ДНҚ-тест тапсырдым. Оны жекеменшік емес, мемлекеттік сараптамаға апарып тапсырдым. Нәтижесі теріс болып шықты. Сосын, менің ұлыма да, қызыма да мектепте қолын шошайтқандарды сотқа бердім. Бірақ, сот істі созып жатыр. Өзімді ақтау үшін, істі біржола жабу үшін сотқа жүгіндік.  Жауап жоқ», - дейді Бейбіт Қорған.

Журналист әншіден  «Бейбіт Қорғанның некесіз баласы бар» деген алып-қашпа сөз оның туған балаларына әсер етті ме деп сұрады.

«Әсер еткенде қандай! Кейде сондай бағдарламаларға таң қаламын, негізі мәселенің ақ-қарасын біліп алу керек қой», - дейді Бейбіт Қорған.

Жалпы, әншінің айтуынша, бұл әңгімені бөтен емес, жанында жүрген жақындарының бірі бастап беруі мүмкін. Дегенмен, Бейбіт Қорғанның айтуынша, егер ДНҚ-сараптамасына сай, әлгі бүлдіршін оның баласы болып шықса, ол баланы мойындап, тегін беріп, көмектесіп тұрмақ ниетте еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#әнші #бала #ДНҚ