Ел намысын қорғайтын шәкірт даярлаушыларға алғыс: Хасантаев жастардың атынан мерекемен құттықтады
Ол Алғыс айту күнінің орны бөлек дейді

Ассамблея Жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржон Хасантаев Алғыс айту күніне қатысты жастардың атынан алғысын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір тойланатын мереке өте көп. Оның ішінде Алғыс айту мерекесінің орны бөлек. Мерекеде адамдар бір-біріне деген құрмет пен сыйластықты ерекше атап өтеді. Біз осындай күнге жеткеніміз үшін жастар ақсақалдарға, ата-бабаларына алғыс айтады. Бізде Жаңа жыл, 8 наурызда мерекелерде демалыс болады. Алғыс айту күні де осындай дәрежеге шығады деп ойлаймыз», - деді ол.
Хасантаев елімізде мемлекет басшысының саясатының нәтижесінде халық бейбітшілікте, тыныштықта күн кешіп жатқанын айтты.
«Алғыс айту күнін ең алдымен Жаратқанға алғыс айтудан бастаймын. Көк Туымызды өзге елде желбірететін шәкірт дайындап жатқан ұстаздарға, жастар атынан өз саласында адал еңбек етіп жүрген әрбір азаматқа алғысымды айтамын», - деді Хасантаев.
Көктем мезгілінің алғашқы күні атап өтілетін мерекені Қазақстан халқы 2016 жылдан бері атап өтіп келе жатыр. Биыл Алғыс айту күні тоғызыншы жыл қатарынан мерекеленбек.