$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2025, 10:25
Қоғам

Маңғыстауда қызы 17 күн бойы себепсізден себепсіз сабаққа бармаған әке сотталды

Бұл жағдай екінші рет қайталанып отыр

Маңғыстауда қызы 17 күн бойы себепсізден себепсіз сабаққа бармаған әке сотталды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 күн бойы сабаққа себепсіз бармаған қыздың әкесіне қатысты әкімшілік істі қарап, оған айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот анықтағандай, 2009 жылы туған қыздың әкесі кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі ата-ананың міндеттерін орындамаған. Бұл әрекеті үшін бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Бірақ, жағдай бір жыл ішінде қайталанып, баласы 2024 жылғы 4 қараша – 7 желтоқсан аралығында 17 күн сабақтан себепсіз қалған. Сот отырысында азамат жасаған кінәсін мойындап, болған іске өкініш танытып, қазір қызын сабақтан қалдырмай жүргенін айтқан және жеңіл жаза сұраған», - деп хабарлайды сот.

Бұл әрекеті үшін азаматқа 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамау көзделген.

«Сот 2025 жылдың 21 қаңтарында азаматты әкімшілік кодекстің 127-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған әкімшілік жаза ретінде 55 380  теңге көлемінде айыппұл салды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген.

Серіктес жаңалықтары