ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

Павлодардағы барлық мектепте биыл қазақ сыныптары ашылады

Облыс орталығында қазақ сыныптары жоқ төрт мектеп бар

фото: arnapress.kz

Павлодар қаласы Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралинның айтуынша, облыс орталығында қазақ сыныптары жоқ 4 мектеп бар. Олар: №23, 16, 34 және 13 жалпы орта білім беру мектептері. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

«Жаңа оқу жылынан бастап осы мектептерде қазақ сыныптары ашылады. Бұл мақсатқа қосымша бастауыш сынып мұғалімдері жұмысқа қабылданады. Осы орайда, ата-аналар балаларын қазақ тілінде оқытуға ниет білдірсе екен деген сұранысымыз бар. Себебі, көптеген ата-аналар өзіміздің тіліміз шорқақтау, баланы оқыту қиын болады деген түрлі сылтаумен балаларын орыс сыныптарына береді. Ашығын айтқанда, ата-аналар тарапынан жоғары деңгейде сұраныс бар деп айта алмаймыз», - дейді ол.

Бөлім басшысының орынбасары қазақ сыныптары ашылатын мектептерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Облыс орталығында барлығы 43 жалпы орта білім беру мектебі бар. Оның ішінде біреуі - жекеменшік, 31-і - аралас, сегізі қазақ, төртеуі орыс тілінде білім береді.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады