$ 497.89  520.89  5.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2025, 11:43
Қоғам

Астананың мәслихаты қоқыс тарифін бірден екі есеге қымбаттатып жіберді

Бүгін мәслихат депутаттары бірқатар маңызды мәселелерді қараған

Астананың мәслихаты қоқыс тарифін бірден екі есеге қымбаттатып жіберді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Астананың мәслихаты қоқыс шығару мен жинау үшін алынатын жаңа тарифті бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Қазір бұл тарифтің бағасы – бір адамға 309 теңге. Мәслихат көп қабатты тұрғын үйде тұратын бір адамға 637 теңге, ал, жер үйде тұратын бір адам үшін 679 теңге алу туралы жаңа тарифті бекітті

Қалалық әкімдіктің қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасылар мен көп балалы отбасылар үшін жеңілдіктер қалады дегенді мәлім етті.

«Осыған дейін айтылған ескертулер мен ұсыныстарды қаперге ала отырып, көп қабатты тұрғын үйлердегі бір адам үшін 637 теңге, ал, жер үйлерде тұратын бір адам үшін 679 теңге болатын тарифті бекітуді ұсынамыз», - деді ол.

Мәслихат жаңа тарифті бекітті.

Серіктес жаңалықтары