$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2025, 18:00
Қоғам

Қыздардың сусынына есірткі қосады: Астана полициясы бойжеткендерге үндеу жасап, дәріханадан тест сатып алуды ұсынды

Былтыр 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған

Қыздардың сусынына есірткі қосады: Астана полициясы бойжеткендерге үндеу жасап, дәріханадан тест сатып алуды ұсынды
Фото: Әсет Құндақбаев

Астана қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бойжеткендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көңіл көтеру мекемелерінде қыздардың сусынына есірткі қосу фактілері жиі тіркеледі екен.

«Соңғы жыл ішінде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздардың сусындарына есірткі қосу жағдайлары жиі кездеседі», - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға есірткіні анықтайтын арнайы тест-жолақтарын өзімен бірге алып жүруге кеңес берді.

«Мұндай жолақтар дәріханаларда сатылады, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі», - дейді олар.

 

Серіктес жаңалықтары