$ 510.49  527.29  5.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:25
Қоғам

Қазақстан бидай алқаптарын неге біртіндеп қысқартып жатыр

Қазір нарықта майлы және бұршақ дақылдарына сұраныс жоғары әрі бағасы да жоғары

Қазақстан бидай алқаптарын неге біртіндеп қысқартып жатыр
Фото: Ақорда

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 млн гектар жерге егіледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімін 2 есеге ұлғайту бойынша жол картасына сәйкес егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысы биыл да жалғасады. Барлық индикатор әкімдіктерге жеткізілген.

«Жалпы, ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,8 млн гектар жерге орналастыру жоспарлануда. Бұл өткен жылдың деңгейінен 518 мың гектарға көп. Биыл әртараптандыру бағдарламасы 1 млн гектарға жуық алқапты қамтиды. Осылайша, рентабельділігі жоғары дақылдардың аумағы 750 мың гектарға артады, оның ішінде майлы дақылдар алаңы 365 мың гектарға, азық дақылдары – 184 мың гектарға, арпа – 114 мың гектарға, қарақұмық – 41,5 мың гектарға, картоп – 15 мың гектарға ұлғаяды», - деді Сапаров Үкімет отырысында.

Министр бидай монодақылынан басқа дақылға ауысу бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Екі жыл ішінде бидай алаңы 730 мың гектарға, соның ішінде осы жылы 159 мың гектарға қысқарған.

«Қабылданған шаралар егіс құрылымын оңтайландыруға және ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының құбылуына байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта майлы дақылдар мен бұршақ дақылдары ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие және олардың бағасы тұрақты жоғары деңгейде, бұл агробизнестің рентабельділігін артады. Мәселен, бидайдың орташа бағасы тоннасына 65-70 мың теңгені құраса, зығыр және рапс сияқты экспортқа бағытталған дақылдардың бағасы 200 мыңға дейін барады және одан да жоғары. Сонымен қатар бұршақ дақылдары топырақты азотпен байытатын бағалы дақыл және кейінгі дақылдардың өнімділігін арттырады. Бұл тек экономикалық ғана емес, экологиялық тұрғыдан да тиімді», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары