$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 15:01
Қоғам

Елордада санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды

«Бруно», «Roofork» сияқты бірқатар нысандарға айыппұл салынды

Елордада санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы полицейлер және эпидемиолог мамандармен бірлесіп, санитарлық нормаларды бұзған нысандарды анықтау үшін күн сайын рейд жүргізеді. Мамырдың 21-26 аралығында рейд барысында 150 кәсіпорын тексерілді. Санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды, олар - дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салон және «Бруно», «Roofork» сияқты бірқатар нысанға айыппұл салынды.

Жұмысын қайта бастаған нысандар санитайзерлер орнатып, қызметкерлері мен келушілері маска киіп, арақашықтық сақтауы сияқты санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Еске сала кетейік, 18 мамырдан бастап қонақ үй кешендері, қоғамдық тамақтану орындары, дәмханалар, мейрамханалар, діни құлшылық ету орындары (келушілері бір мезгілде 50-ден аспайтын) жұмысын қайта бастады. Отбасылық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

«Санитар дәрігердің қаулысымен COVID-19 індеті толықтай жойылмайынша түнгі клуб, фитнес клуб, жаттығу залдары, спа-салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық орталықтар, клиникалар, орталықтар және т.б. жұмысына тыйым салынды. Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 26 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды», - длінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда халық көп жүретін жерлер мен қоғамдық көліктерде маскамен жүру керек.

Серіктес жаңалықтары