$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2025, 14:57
Қоғам

Сархат Бейсенова Марк Цукербергті Instagram-нан 100-ге жуық аккаунтты жоюға «мәжбүрледі»

Сауда сөрелерінен талапқа сай келмейтін 5,5 тонна өнім алынған

Сархат Бейсенова Марк Цукербергті Instagram-нан 100-ге жуық аккаунтты жоюға «мәжбүрледі»
Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желілерде тексерістен өтпеген, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ биологиялық белсенді қоспалар (БАД-тар) жарнамаланып, онлайн сатылып келген. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 1,5 мыңға жуық ресурсты анықтап, тиісті аккаунттарды жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тамақ өнімдерінің сапасын тексеру үшін 10 491 өнімнен сынама алған. Зерттеу нәтижесінде 31 пайызы (3 245 сынама) тамақ қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, сауда желісінен талапқа сай келмейтін 5,5 тоннадан аса өнім алынып тасталған.

«Мониторинг кезінде әлеуметтік желілердегі 1 495 ресурста биологиялық белсенді қоспалар мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінсіз онлайн сатылғаны және оларға жарнама жасалғаны анықталды. Тексерістен кейін жарнаманың бәрі жойылды. Мәселен, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бастамасымен «Meta» компаниясы Instagram-нан 94 аккаунтты өшіріп тастады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе көп», - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұған қоса, былтыр сәйкестік туралы 200 декларацияның күші тоқтатылып, жойылған. Ал импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.

Айта кетері, Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін Сархат Бейсенова басқарады. Ол, сондай-ақ, Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Серіктес жаңалықтары