03.02.2025, 15:20
Қоғам
Қазақстан халқының саны бір жылда 252 мың адамға көбейген
Осылайша, қазір қазақстандықтардың сагы 20 млн 286 мың 084 адамға жеткен
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты Қазақстан халқының саны 20 млн 286 мың 084 адамға жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Оның ішінде: қала тұрғындары – 12 774 743 адам, ауыл тұрғындары – 7 511 341 адам. Былтыр жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, елімізде былтыр жыл басынан бері 235 078 бала туған, 17 164 адам көшіп келген.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
