Ақмола облысында 9 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт аман-есен табылды
Жоғалған кезде оның жасы небәрі 16-да болған
Елорда іргесіндегі Қосшы ауылында 2011 жылы із-түссіз жоғалып кеткен жігіт табылды деп хабарлайды Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлы Мұхтардан 2016 жылдың қазанында көз жазып қалған. Содан бері оны көрген-білгендер жоқ, мүлдем хабарсыз кетіпті. Полицейлердің айтуынша, жасөспірім бұған дейін де үйінен бір рет қашып кетіп, қайта оралған екен.
Алғаш рет Мұхтар 2011 жылдың 13 қыркүйегінде үйден кетіп қалған. Анасы оны алдымен өзі іздеп көріпті. Нәтиже шықпағаннан кейін 29 қыркүйекте ол полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары мектеп оқушысын астанадағы базарлардың бірінен тауып алып, ата-анасына қайтарған екен. Алайда, арада ай өтпестен Мұхтар үйінен тағы қашып кетеді. Бұл жолы оны анасы да, тәртіп сақшылары да 9 жыл бойы таба алмаған.
Осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облысының полицейлері Мұхтарды Түркістан облысы Түлкібас ауданынан іздеп тапты. 25 жастағы жігіт ағасы он жылға жуық уақыт өзінің таныстарының үйінде тұрып келген. Ол анасымен хабарласудан өзі бас тартқан болып шықты.
Айта кетейік, осы жылдың өзінде ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған 23 адамды тапқан.