Заң және тәртіп, әлеуметтік мәселелер: депутаттар үкімет отырысындағы маңызды ойларды атады
Мәжіліс депутаттары үкіметтің жұмысынан нақты нәтиже күтеміз дейді
Мәжіліс депутаттары Берік Бейсенғалиев пен Үнзила Шапақ үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында айтқан маңызды мәселелер турасында пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің дамуындағы маңызды стратегиялық бағыттар талқыланды. Бұл отырыс Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және экологиялық салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған жаңа міндеттерді айқындады», - деген ол инвестиция, ауыл шаруашылығы, цифрландыру сынды бағыттарды атады.
Ал, Үнзила Шапақтың пікірінше, азаматтардың жеке деректерінің барынша қорғалуын қамтамасыз ету маңызды мәселе болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды. Мемлекет басшысы Үкіметке мұндай ақпаратты таратқаны үшін заңнамалық жауапкершілік шараларын қабылдауды, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерінің барынша қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды», - деді ол.