28.01.2025, 16:51
Қоғам
Түрмедегі той - Қызылордада сотталған адам некесін қидырып, сенім артқан жарына алғыс айтты
Олардың неке туралы куәлігін түрменің заңгері тапсырған
Фото: polisia.kz
Қызылорда облысындағы түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан азамат заңды некеге тұрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ол мекемедегі заңгерге үйленгісі келетінін айтып, өтініш жазған. Заңгер қалалық АХАЖ арқылы оның неке қию туралы куәлігін алып, әйелі екеуіне табыстаған.
«Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Енді менің отбасым бар. Бұл қадам маған болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Жасаған қателіктерім үшін өкінемін. Ендігі мақсатым – түзеліп, жақындарыма лайықты тірек болу. Бұл мүмкіндікті сыйлағаны үшін мекеме қызметкерлері мен маған сенім артқан қалыңдығыма алғыс айтамын», - деді ол.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті