$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2025, 09:09
Қоғам

«Оны ішкен адам алтыншы күні қайтыс болады»: Қазақстанда парацетамол туралы тағы да қорқынышты фейк тарады

Бұл жалған ақпарат еліміздің аумағында 2017 жылы таралған болатын

«Оны ішкен адам алтыншы күні қайтыс болады»: Қазақстанда парацетамол туралы тағы да қорқынышты фейк тарады
Фото: Фото: pixabay

Қазақстанның әлеуметтік желілерінде Израильде шыққан қауіпті парацетамол туралы тағы да фейк ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Онда «дәрі Палестинаға арналған, бірақ Ресей мен Қазақстанда сатылып жатыр, оны ішкен адам алтыншы күні қайтыс болады» деген жалған ақпараттың мазмұны бар.

Stopfake.kz бұл жалған ақпараттың қашан және қалай таралғанын зерттеген.

«Қазақстанда сатылатын, өзі Израильден тасымалданған қауіпті парацетамол туралы жалған ақпарат 2017 жылы шыққан. Оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бас сарапшысы жоққа шығарды. 2018 жылы фейк Ресейде тарады. Жалған ақпаратты Ресейдің денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералды қызметі (Росздравнадзор) жоққа шығарды», - деп жазады сайт.

Серіктес жаңалықтары