«500 мың теңгені менсінбейді»: Бибігүл Рамазан коуч Роза Әшірбаеваның Маңғыстаудағы лекциясына қарсы шықты
Бибігүл Рамазанның пікірінше, Роза Әшірбаеваның кейбір ойлары «Маңғыстаудың әйелдеріне керек емес»
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік кәсіпкер, блогер Бибігүл Рамазан коуч Роза Әшірбаеваның Маңғыстауға жоспарланған кездесуіне қарсы шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бибігүл Рамазанның пікірінше, Роза Әшірбаеваның айтып жүрген месседждері Маңғыстау облысындағы әйелдерге «сай емес». Сонымен қатар, Бибігүл Рамазан Роза Әшірбаеваны Маңғыстау облысының әйелдеріне қаржылық сауаттылық туралы лекция оқуға шақырғанда, кочу 500 мың теңге көлеміндегі гонорарды «менсінбеген».
«Бірақ, Розаның «Заманауи қазақ әйелі» деген әңгімелері кейде жақсы емес, оны бұндай тақырыпта Маңғыстауға шақырғанға қарсымыз! Роза «Келін құл емес!» деген әңгіме айтады. Маңғыстаудың әйелдеріне керек емес!», - деген Бибігүл Рамазан облыс әкімінің идеологияға жауапты орынбасарын белгілеп өткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, Роза Әшірбаева келінге күн көрсетпейтін енелер туралы айтқан еді.