Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасағандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін
Тиісті норманы биыл қабылдау жоспарланып отыр
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, кәсіби жұмысына кедергі келтіретін азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазір дәрігерлер заң бойынша қорғалмаған.
«Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді қорғау үшін және кәсіби міндетін орындаған дәрігерге шабуыл жасаған немесе жұмысына кедергі келтірген тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту үшін Қылмыстық кодекске тиісті түзету енгізуге бастамашы болды. Қазір бұл норманы Бас прокуратурамен келісілді және мақұлданды. Басқа да мемлекеттік органдардың келісімін алып жатырмыз. Парламент депутатары, соның ішінде Мәжіліс Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасын қолдап отыр. Сол себепті, менің ойымша, осы жыл ішінде біз бұл норманы енгіземіз», - деді Әлназарова Мәжіліс кулуарында.