Түркістан облысының прокуратурасы халықтың иманын күшейту үшін не істеп жатқанын айтты
Ол үшін құзырлы орган өкілдері жезөкшелікті азайтпақ
Түркістан облысының прокуратурасы халықтың иманы мен жезөкшелікке қарсы іс-қимылға ерекше назар аударады. Бұл туралы прокуратура өзінің ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мәселен, өткен жылы прокуратураның арқасында жезөкшелік пен өзге де сексуалды сипаттағы қызмет көрсетуге арналған 11 притон анықталып, жұмыстары жабылды. 12 жеңгетай табылды, олар Қазақстан азаматшалары. Аталған притондарда сексуалдық қызмет көрсететін 35 адам анықталды, олардың 13-і Өзбекстан Республикасының азаматшалары», - деп хабарлаған Түркістан облысының прокуратурасы.
Былтыр сондай-ақ прокурорлар Сайрам ауданында жезөкшелікпен айналысқан 7 Өзбекстан азаматшасын тауыпты.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұйымдастырушылар ұсталды», - деп хабарлайды прокуратура.