$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2020, 22:54
Қоғам

Алматыда қоғамдық орындарда маскасыз жүргендерге 14 мың теңге айыппұл салынады

Ал маска тақпағандарды кіргізген ірі бизнес 1 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді

Алматыда қоғамдық орындарда маскасыз жүргендерге 14 мың теңге айыппұл салынады
Фото: ашық дереккөзден

Қоғамдық орындарда маска тақпаған алматылықтар 14 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Айыппұл тиісті талапты екінші рет бұзғандарға салынады. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қалада автобусқа, дәріхана мен сауда орталықтарына маскасыз кіруге болмайды. Талаптың қатаң сақталуын полиция мен қоғамдық мобильділік басқармасының өкілдері бақылайды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары рейд жүргізіп отырады.

«Азаматтарды маскасыз кіргізген объект бойынша жауаптылар да әкімшілік жазаға тартылады. Барлық объектілерде маска тағу - міндетті. Бұл талапты орындамаған шағын бизнес өкілдері 100 АЕК (277 мың 800 теңге), орта бизнес 200 АЕК, ірі бизнес өкілдері 500 АЕК (1 млн 389 мың теңге) айыппұл төлейді», - деді Жандарбек Бекшин.

Серіктес жаңалықтары