Коронавирус: «Теңізшевройл» басшылығы қызметкерлерін үйіне қалай қайтарып жатыр?
«Dash 8» ұшағымен 211 рейс жасалған, 16 пойыз жөнелтілген
ТШО компаниясы дәл қазір қажеті аз жұмысшыларын Теңіз кенішінен шығару және үйлеріне жеткізу бойынша түрлі транспорт құралдары арқылы 440-қа жуық рейс жасаған. Бұл туралы «Теңізшевройл» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
«ТШО компаниясы кен орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары аясында, сондай-ақ қызметкерлер арасында COVID-19 таралу қауіпін азайту мақсатында, наурыз, сәуір және мамыр айында өндіріске тікелей қатысы жоқ қызметкерлерді Теңізден уақытша шығаруды жүзеге асырды. Бұл Қазақстан Үкіметінің, Атырау облысы әкімдігінің, басқа да облыс әкімдіктерінің және денсаулық сақтау органдарының жан-жақты қолдауының арқасында табысты жүзеге асырылған күрделі логистикалық процесс болды, - деді Р. Артығалиев.
Аталған шара барысында жұмысшыларды үйлеріне жеткізу үшін 40-тан астам коммерциялық әуе рейсі, ТШО «Dash 8» ұшағымен 211 рейс және 170 автобус рейсі жасалды. Мұнымен қоса, 16 пойыз жөнелтілген.