Жұмыс істегісі келмеген ер адам екі баласы мен әйеліне көшеде қайыр сұратып, ақша таптырған
Балалардың анасы хат танымайтын болып шықты
Бакуде балалардың құқық қорғаушысы, «Таза Әлем» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мехрибан Зейналова екі баласы бар әйелді дағдарыс орталығына апарғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі баласы бар әйелді күйеуі көшеде адамдардан қайыр сұрап, ақша табуға мәжбүрлеген.
Ол күйеуіне жұмысқа орналасуға бірнеше рет кеңес берген, бірақ ол «біздің отбасымызда ешкім жұмыс істемейді» деп ат-тонын ала қашқан.
Осыған байланысты әйел балаларына және отбасына қамқорлық жасау үшін адамдардан көмек сұрауға мәжбүр болған. Кейін ол өзі полицияға жүгінген.
Полиция әйел мен балаларды тамақпен қамтамасыз еткеннен кейін оларды дағдарыс орталығына жібереді.
Зейналова бұл әйелдің оқи да, жаза да алмайтынын атап өтті. Ол ер адаммен азаматтық некеде тұрған.
«Біз қазір әйелге қиындықтарды жеңуге және қалыпты өмірге бейімделуге көмектесіп жатырмыз», - деді ол.