Үкімет Түркістан облысындағы 1 млн халықтың өмірін жақсартатын амал тапты
Ол – Өгем өзеніндегі су электр станциясының құрылысы

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеңес кезінде Қазақстанның аймақ-аймағындағы инвестициялық жобалар талқыланған. Соның бірі әрі үкіметтің болжамы бойынша Түркістандағы 1 млн халықтың өмірін жақсартатын Өгем өзеніндегі су станциясы.
«Кеңесте Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр стансалары каскады бар су құбырын салу жобасы мақұлданды. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 190 млрд теңгені құрайды. Жобаның мақсаты – Түркістан облысының 1 млн-ға жуық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Жоба сонымен қатар өңірдегі электр энергиясының тапшылығын жабуға, санитарлық-гигиеналық жағдайларды және жергілікті халықтың жалпы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған», - деп жазды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұдан өзге «Qarmet» компаниясындағы инвестиция, СҚО-дағы ламинат зауытының инвестиция талқыланған.