$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2025, 18:05
Қоғам

Аймағамбетов: Есірткі бизнесінен шенді-шекпенділер кетпейінше, жағдай өзгермейді

Депутаттың пікірінше, бұл бизнесте лауазымды тұлғалардың мүддесі бар

Аймағамбетов: Есірткі бизнесінен шенді-шекпенділер кетпейінше, жағдай өзгермейді
Фото: istockphoto.com

Есірткі бизнесін шенді-шекпенділер қорғауын тоқтатпайынша біз бұл зұлматты жеңе алмаймыз. SHYNDYK LIVE подкастына сұхбат берген Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оның айтуынша, енді есірткі бизнесіне «қамқорлық» танытқан лауазымды тұлғалардың жазасы күшейеді.

«Бақытымызға орай, ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда есірткі бизнесіне «қамқоршы» болған шенеуніктердің саны аз екен. Шамамен жеті адам. Бірақ, әрине, бұл ресми статистика. Ал, шын мәнінде бұл үлкен проблеманы жан жақты қарау керек. Есірткі бизнесін шенді-шекпенділер қорғауын тоқтатпайынша біз бұл жамандықты жеңе алмаймыз», - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа өзгерістерге сай, енді Қазақстанда есірткі бизнесіне қатысы бар лауазымды тұлғалар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары