10.01.2025, 09:52
Қоғам
Талдықорғанның әкімі қаланың ортасына әдемі шырша тіккен жігіттерге торт сыйлады (ВИДЕО)
Әкімнің пікірінше, биыл қала ерекше келбетке ие болған
Фото: видеодан скриншот
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендірген мердігер компанияға алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл конкурсқа қатысып, қаланы ерекше безендірдіңдер. Биыл әлеуметтік желіде Талдықорғанның әдемі дайындығы жайлы тұрғындар да көп жазды. Мұндай әдемі шыршаны басқа біреулер болса, істемейтін еді. Сендер қала тұрғыны болғандықтан, бұл композиция шын жүректен шықты деп ойлаймын. Өз атымнан алғыс айтамын. Болашақта конкурстарға қатысыңыздар, заң аясында жергілікті компанияларды қолдаймыз», - деді Ернат Бәзіл.
Осылай деген қала әкімі қаланың жеке кәсіпкерлеріне бас шырша бейнеленген торт пен алғыс хатты табыстады.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды