09.01.2025, 17:53
Қоғам
Ақмола облысында кәмелет жасына толмаған 231 қыздың аяғы ауыр болған – ресми статистика
Өткен жылдың он айында 34 қыз баланың жүкті екені анықталған
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында соңғы 5 жылда кәмелет жасына толмаған 231 қыз баланың аяғы ауыр болған. Олардың көбі – 15-17 жаста, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Біздің ресми сауалға жауап берген Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы соңғы 5 жыл мен 2023-2024 жылдардың статистикасын ұсынды.
«2024 жылдың 10 айында 34 қыз бала жүкті болды. 2023 жылдың 10 айында осындай 42 факт тіркелді. Соңғы 5 жылда -–231 қыз баланың аяғы ауыр болған», - деп хабарлады басқарма.
Дереккөзге сүйенсек, ерте жүкті болған қыздардың орташа жасы – 15-17 жас.
«2024 жылы 6 қыз бала, 2023 жылы 2 қызға аборт жасалған. 2024 жылы 28 қыз бала, 2023 жылдың 10 айында 40 қыз бала аман-есен босанды», - деп хабарлаған басқарма.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 12:04
Қазақ вальсінің королі: бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды