$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында 69 сәби, Ақмолада - 45 нәресте: аймақтардағы өлім-жітім статистикасы

Екі облыстағы сәби мен ересектердің өлім-жітімі әртүрлі

Қостанай облысында 69 сәби, Ақмолада - 45 нәресте: аймақтардағы өлім-жітім статистикасы
Фото: istockphoto.com

Azattyq Rýhy редакциясы өңірлердегі сәбилердің өлім-жітімі мен себептерін білу мақсатында Ақмола мен Қостанай облыстарына сауал жолдаған болатын. Денсаулық сақтау басқармалары берген мәлімет бойынша аймақтардағы сәби өлімі, ер мен әйелдің қайтыс болу себептерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ақмола облысында 2024 жылдың 10 айында 8 804 нәресте дүниеге келген. Оның 45-і шетінеген.

Оған себеп:

  • перинаталдық жағдай,
  • туа біткен ауытқу;
  • тыныс алу органдарының аурулары.

Ал 2024 жылдың 10 айында 68 бала қайтыс болған. Оған жазатайым оқиғалар, жұқпалы-паразиттік аурулар, туа біткен ақаулар себеп болып отыр. Алайда соңғы бес жылда балалар арасындағы өлім-жітім төмендеген.

Ересектердің өліміне келетін болсақ, 2024 жылдың 10 айында 2624 әйел көз жұмған.

Әйелдер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себептері:

  • бірінші орында онкологиялық аурулар;
  • екінші орында жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
  • үшінші орын жүйке жүйесінің аурулары.

2024 жылдың 10 айында 2974 ер адам қайтыс болған, ал 2023 жылы осы уақытта 2849 еркек көз жұмған.

Өлімінің негізгі себебі:

  • қан айналымы жүйесінің аурулары,
  • онкологиялық аурулар,
  • ас қорыту жүйесінің аурулары

Қайтыс болған ер адамдардың орташа жасы - 68 жас.

Ал Қостанай облысында 2024 жылдың 10 айында 7431 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 69 нәресте шетінеп кеткен. Нәресте өліміне себептің ішінде перинаталдық, тыныс алу органдарының аурулары, туа біткен ауру, жазатайым оқиғалар мен жарақаттар бар.

2024 жылдың 10 айында 3 236 әйел қайтыс болса, дәл осы уақытта 3 781 ер адам көз жұмып отыр.

Өлімнің негізгі себептері: қан айналымы жүйесінің аурулары, неоплазмалар, жазатайым оқиғалар, улану және жарақат, тыныс алу органдарының аурулары, ас қорыту жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар, жүйке жүйесінің аурулары.

 

Серіктес жаңалықтары