$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде шыршадан құлаған мұғалім ауруханадан шықты: Тамара Дүйсенова мен Ғани Бейсембаев пікір білдірді

Еңбек инспекциясы осыны анықтап жатыр

Семейде шыршадан құлаған мұғалім ауруханадан шықты: Тамара Дүйсенова мен Ғани Бейсембаев пікір білдірді
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша безендіремін деп биіктіктен құлап кеткен мұғалімге қатысты тың деректерді айтты. Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімнің жұмысқа тартылғаны өндірістік жарақатқа қандай жағдайда жататыны туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл мәселемен қазір әкімдік айналысып жатыр. Бүгін таңертең ғана мұғалімнің ауруханадан сауығып шыққаны туралы маған хабар жетті. Бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап отырмын. Қазір бірінші кезектегі тиісті шаралар қабылданды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасатын болады деп есептеймін. Жазаланатындар жазаланды. Бұл бәріне тиісті үлгі болуы керек. Тексеру толықтай аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қолданылады деп есептеймін», - деді министр.

Министр атағандай, 2019 жылы қабылданған заң аясында мұғалімдерді өзінің мамандығына сәйкес келмейтін қандайда бір қосымша жұмыстарға тартуға болмайды.

«Осы заң орындалуы керек. Бұл заңның жергілікті жерлерде қаншалықты орындалып жатқанында. Осыған қатысты мен тапсырма бердім. Жергілікті жерлерде сапаны қамтамасыз ететін департаменттер бар. Қазір олар тексеріс жасап, мониторинг жүргізіп жатыр. Мұғалімдерді жергілікті жерлерде, әсіресе аудандарда қажетсіз, өзінің мамандығына сәйкес келмейтін жұмыстарға тартудың бар-жоғы анықталып жатыр. Енді еріктілерге қатысты мәселе біздің министрліктің құзыретіне кіретін заңнама емес. Ұсыныс қажет болса, біз оны міндетті түрде оны көтереміз», - дейді Бейсенбаев. 

Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова егер мұғалім жұмысқа құжат бойынша тартылса, оқыс оқиға өндірістік жарақат ретінде саналатынын айтты.

«Көбіне мәселе осыған байланысты туындайды. Жұмысқа тартылса да, құжат жүзінде ол тіркелмей қалады. Сол себепті қазір еңбек инспекциясы мен білім басқармасы осы мәселені зерттейді. Егер құжат рәсімделмесе, еңбек кодексіне сәйкес актілер толтырылуы керек. Шартсыз тартылса, жұмысқа тартқан адамдар заңды бұзған. Ал келісімшарт болса, ол өндірістік жарақат болады», - дейді Тамара Дүйсенова.

Еске салайық, таяуда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алған. Оны ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған болатын. Кейін Семейде шырша безендіремін деп жүріп құлап, басын жарған мұғалім Қуат Айтқалиевке «Соцблок» деген WhatsApp тобынан бұйрық келгені анықталды.

Серіктес жаңалықтары