$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2019, 19:14
Қоғам

Елордадағы ЦУМ ғимараты сүріледі

Бұл туралы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметін келтірген әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады

Елордадағы ЦУМ ғимараты сүріледі
Фото: ашық дерек көзінен

«Басқарма басшысы Нұрлан Ұранхаев бұдан бұрын хабарлағандай, ЦУМ-ның ескі ғимаратын сүру жоспарланып отыр. Оның орнына жеке инвестор жерасты тұрағы бар бизнес орталық салуға дайын”,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Дереккөзіне сүйенсек, жан-жанқты кешеннің ішінде сауда орталығы, тұрғын үй, 489 көлікке арналған жерасты тұрақ болады. Сондай-ақ, кешен аумағында екі субұрқақ салынбақ. Бес қабатты Кешеннің жалпы аумағы 51157 шаршы метрді құрайды деген жоспар бар.

«Әрбір қабатта тамақтану орындары, ал,жалпы кешен ішінде бес залы бар кинотеатр, боулинг, балаларға арналған кешен, сауықтыру кешені ашылады», - деп хабарлады дереккөз.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Құрылыс #Астана