$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2024, 11:48
Қоғам

Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаждың екі емес, үш мүшесі қаза тапқан

Ұшақты басқарған екі пилот көз жұмған

Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаждың екі емес, үш мүшесі қаза тапқан
Фото: ТЖМ

Ақтау маңында құлаған Embraer ұшағының бес экипаж мүшесінің үшеуі апаттан қаза тапқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше кешке Ақтауда өткен брифингте үкіметтік комиссия мүшелері бес адамнан құралған экипаждың үш мүшесі аман қалып, екі ұшқыш қаза болғанын мәлімдеген. Ал бүгін ТЖ министрлігі экипаждың екі емес, үш мүшесі ажал құшқанын нақтылады.

«ТЖМ ресми ақпаратына сәйкес, экипаждың тек 2 мүшесі тірі қалған, ал үшеуі қаза тапты», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 25 желтоқсан күні таңертең Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау түбінде апатқа ұшыраған. ТЖМ ақпараты бойынша, ұшақ жерге құлағаннан кейін ұшқыштар кабинасынан өрт шыққан. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құраған.

Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. Апат салдарынан 38 адам көз жұмған, 29 адам аман қалды.

 

 

Серіктес жаңалықтары