$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауыл аманаты» кәсіп бастасам деген жандарға керемет мүмкіндік ұсынып отырған жоба - кәсіпкер

Амантай Андасов таяуда «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, оның кәсіпорны ауылдағы үздік жоба атанған

«Ауыл аманаты» кәсіп бастасам деген жандарға керемет мүмкіндік ұсынып отырған жоба - кәсіпкер
Фото: Амантай Андасовтың жеке мұрағатынан

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында пластик қалдықтардың барлық түрін өңдеп, көкөніс пен жеміс-жидек салатын диқандарға ауадай қажет жәшіктерді жасап шығаратын цех жұмыс істейді. Кәсіпорын басшысы Амантай Андасов таяуда «AMANAT» партиясының жобасы «Ауыл аманатына» қатысып, оның кәсіпорны ауылдағы үздік жоба атанды. Өңірге экономикалық ғана емес, экологиялық пайдасын тигізіп отырған «Amantay PLAST» цехының қалай құрылғаны, қазіргі жұмысы туралы Azattyq Rýhy.

«Алғашқы жылдары ауылдағы жылыжайлардан шыққан полиэтилен қалдықтарын жинап, сатумен айналыстық. 2017 жылдан бері қайта өңдеу саласын өзіміз игеріп, кәсіп бастадық. Шикізат өңдедік, пластик құбырлар мен жәшіктерді шығара бастадық. Қазір 4 цех жұмыс істейді. Біреуі полиэтилен қалдықтарын өңдесе, екіншісі полипропилен қалдықтарын өңдейді. Оған пластмасса заттар, жылыжайдан шығатын шлангтер, пластик бөтелкелер, пленка тағы басқа дүниелер жатады. Біз шаруашылықтан шыққан керексіз қалдықтарды ақшаға сатып аламыз, оның келісін 100, 130 теңгеден белгіледік. Өзіміз барып, алып кететін қызметіміз де бар.

Кәсіпорын күніне 3 тонна полиэтелен қалдығын, 2 тонна полипропилен қалдығын қайта өңдеумен, күніне 10 мың данаға жуық жәшік шығарумен және күніне 2 жарым тонна пластик құбырлар шығарумен айналысып отырмыз. Пластик жәшіктерді шығару маусымдық жұмыс, жылына екі-үш айға үзіліс жасаймыз», - деді ол.

Сарыағаш шаруалары Амантай Андасовқа алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке кіргенін айтады.

«Жәшік өндірісі қолға алынбай тұрған уақытта диқандар фураның жүк салғышына көкөністерді төгіп, тиеп экспортқа жіберетін. Оның кем дегенде 20 пайызы сатуға жарамсыз болып қалатын, егер жол алыс болса, одан да көп өнім шыдамай шіріп кететін еді», - деп еске алады кәсіпкер.

Оның айтуынша, жәшікке салған өнім бір-бірінің үстін баспай, межелі жерге бұзылмай жетеді. Көкөністердің ұзақ жолға шыдауына септігін тигізеді.

«AMANAT» партиясының жобасы «Ауыл аманатына» қатысып, өндірісті кеңейттік. Қазір 9 түрлі жәшік шығарамыз, зауыт дәрежесіне жақындап қалдық. Құлпынай, таңқурайға арналған кіші жәшіктерден бастап, қырыққабат, қауындарға арналған үлкен жәшіктерге  дейін сатылымда.

«Ауыл аманаты» кәсіпкерлер үшін керемет мүмкіндік. Өкінішке орай, өзім кәсіп бастаған кезде мұндай жобалар болмады. Бәрін нөлден бастадық, оңай болған жоқ. Ал «Ауыл аманаты» жобасы жаңадан кәсібін ашып жатқан жастарға, шаруасын дөңгелетіп алып кетуге көп көмегін тигізіп отыр», - деді Амантай Андасов.

Серіктес жаңалықтары