Алматы облысы саумал терапиясын қосқанда туризмге 20 млрд теңге бөлмек
Соңғы екі жылда өңірге келген адамдардың саны 2 егесе өскен
Алматы облысына кейінгі екі жылда 128 мың шетелдік турист келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы екі жылда өңірге келушілер саны 2 егесе өсті. Оның ішінде 128 мың турист – шетелдік қонақтар. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12 есеге артық. Қытайдағы Қазақстан туризмінің жылы аясында елімізге келген қытайлық туристер саны 1,5 есеге өсті», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Әкімнің айтуынша, биыл өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін жалпы сомасы 20 млрд теңгеге бірқатар нысандар іске қосылған.
«Оның ішінде саумал терапиясына баса назар аударатын таулы шатқалдардағы сауықтыру кешендері бар. Сондый-ақ Қара каньонда инвестиция құны 1,5 млрд теңге болатын демалыс орны, 58 млрд теңгеге «Ойқарағай» курортын кеңейту сияқты ауқымды бастамамалар бар. Қонаев қаласына аквапарк салу жоспарланып отыр», - деді әкім.