$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2020, 10:52
Қоғам

Атырау – Астрахань автожолының жөндеу жүргізілген 60 шақырымы ашылады

Автожолдың Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 277 шақырымды құрайды

 

Атырау – Астрахань автожолының жөндеу жүргізілген 60 шақырымы ашылады
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылы Атырау – Астрахань автожолының Атырау облысы бойынша 60 шақырымы көлік қозғалысы үшін ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань) автожолының Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 277 шақырымды құрайды. Тасжол 6  учаскеге бөлінген. Учаске бойынша жұмыстарға «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС, Todini Costruzioni Generali S.p.A., Ant Insaat Maden Sanyi A.S мердігер ұйымдар жұмылдырылған.

Биыл ұзындығы 60 шақырым учаске бойынша (км 833-853, км 853-893) көлік қозғалысын ашу жоспарланған. 12 көпір мен 22 су өткізгіш құбырдың құрылысы 50%-ға аяқталды. Км 648-693 учаскесінде айналма жолды орнату, жол-құрылыс материалдарын дайындау және жер қазу жұмыстары басталды.

«Қайта жаңарту жобасының аясында 277 шақырымда қиыршық-тас мастикалық асфальтбетон жабыны ауыстырылады. Сондай-ақ, 2 жол өткелі, 20 көпір, 36 аялдама мен 80 суөткізгіш көпір орнатылады. Транзитті жүргізушілер үшін 14 демалыс алаңының құрылысы көзделген. Ганюшкино елдімекенінде жол-пайдалану учаскесі, ал Аққыстау ауылында жол-пайдалану пункті салынады», - делінген хабарламада.

Қайта жаңарту жұмыстарының қорытындысы бойынша, тас жол ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санаттың талаптарына сәйкес болады. Жоба аясындағы жұмыстарға 740 маман мен 560 арнайы техника жұмылдырылады.

Серіктес жаңалықтары