$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2024, 16:30
Қоғам

Өскеменнің студенттері біртүрлі костюм киіп, пештердің қандай қауіпті екенін ескертіп жүр (ВИДЕО)

Шараға Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті де ат салысқан

Өскеменнің студенттері біртүрлі костюм киіп, пештердің қандай қауіпті екенін ескертіп жүр (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері жер үйлердің пешінен шығатын улы газдың қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеу үшін арнайы костюм тіккен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Акция «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару»  деп аталған. Оның мақсаты – жер үйлердегі пештің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру.

«Әсіресе, жылыту маусымы кезінде көмірқышқыл газы мәселесі өзекті болғандықтан, акцияға қатысқандар бұл тақырыпқа креативті түрде қарауды ұйғарды. Студенттер көмірқышқыл газы детекторының костюмін дайындап, ТЖД қызметкерлерімен бірге тұрғын үйлерді аралады», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржановтың айтуынша, соңғы бірнеше жылда аймақтағы жер үйлерге осында 15 мыңға жуық детектор орнатылған екен. Соның арқасында 36 бала мен 6 ересек адам бір ажалдан қалған.

Серіктес жаңалықтары