$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дарынды жастар енді «Болашақпен» бакалавриатқа түсе алады

Олар елге келіп қызмет атқарады 

Дарынды жастар енді «Болашақпен» бакалавриатқа түсе алады
Фото: istockphoto.com

Талантты талапкерлерге «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейтуді ұсынып отырмыз. Енді тек магистратура мен докторантура ғана емес, бакалавриат білім дәрежесін алуға грант бөлінбек. Оған ең мықты халықаралық олимпиадалар мен мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарын таңдап аламыз», - деді ол.

Депутат осылайша «ақылдың шетелге ағуын» тоқтатамыз дейді. Қазақстанның қаражатына білім алған студент оқуын аяқтаған соң елге келіп қызмет етуге міндеттеледі.

«Қазіргі уақытта әлемнің ТОП-университеттері олимпиадаларда топ жарған жастарды аңдып, бақылап отырады. Кейін өздері грант беріп, шақырып алады. Жастар шетелдің грантын алып, сол жақта қалып қояды. Біз «Болашақ» бағдарламасы арқылы бакалавриат оқытсақ, олар қайтып келіп, елдің экономикасын көтеруге жұмыс істейді», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары