02.12.2024, 09:43
Қоғам
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар жолға шығады
Қосымша электр пойыздары да іске қосылады
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынай бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қосылады:
№201/202 «Астана-Алматы» пойызы:
- Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
- Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2, 5 қаңтар.
№203/204 «Астана-Шымкент» пойызы:
- Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
- Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар.
№205/206 «Ақтөбе-Астана» пойызы:
- Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
- Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар.
Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар.
Сонымен қатар 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
- №7553/6811–6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;
- №7509/6805–6806/7510 «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды