$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2024, 17:36
Қоғам

Қарағандыда кафе мен барлар ерте жабылып, сағат он бірден кейін арақ сатылмауы мүмкін – әкімнің ұсынысы

Облыс басшысы қауіпсіздік шаралары туралы кеңес өткізген

Қарағандыда кафе мен барлар ерте жабылып, сағат он бірден кейін арақ сатылмауы мүмкін – әкімнің ұсынысы
Фото: әкімнің жеке парақшасынан

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таң атқанша жұмыс істейтін дәмханалар мен барлардың жұмысын түнгі 02.00-ге дейін қысқартып, олардың ішінде сағат 23.00-ден кейін ішімдік сатпау туралы мәселені жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Облыс әкімінің әлеуметтік желідегі жазбасына қарасақ, түндегі қауіпсіздік шараларын күшейту үшін нақты бірқатар шараларды қолға алу көзделіп отыр.

«Статистика көрсетіп отырғандай, заңсыздықтар көбінесе таңға дейін жұмыс істейтін кафелер мен барлардың жанында орын алады. Сонымен қатар, мұндай мекемелерге қатысты әлеуметтік желіде шағым көп. Заңсыздықтардың алдын алу үшін бірқатар шаралар қарастырылған. Мәселен, тұрғындар уақытын жайлы өткізе алатын орындардың қауіпсіздік рейтингісін жариялау туралы ұсыныс келіп түсті. Сондай-ақ мұндай орындардың жұмысын түнгі сағат екіге дейін, ал алкогольді сатуды сағат 23:00-ге дейін шектеу талқыланып жатыр», - деп жазды әкім.

Облыс әкімі желтоқсандағы мерекелер қарсаңында аймақта қауіпсіздік шараларын күшейту маңызды екенін атап өткен.

Серіктес жаңалықтары