$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2020, 14:18
Қоғам

Қазақстанда әрбір бесінші жасөспірімнен депрессия белгілері байқалады – ДДСҰ

Елімізде 15 жастағы ұлдардың 10%-ы, ал қыздардың 6%-ы темекі шегіп көрген

Қазақстанда әрбір бесінші жасөспірімнен депрессия белгілері байқалады – ДДСҰ
көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі отбасы, мұғалімдер мен құрдастары тарапынан жиі қолдау көреді. Бұл туралы 11-15 жастағы балалардың денсаулығына қатысты зерттеу жүргізген Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының есебінде жарияланды.

ДДСҰ Еуропадағы өңірлік бюросының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда» атты есебінде 45 елден 11, 13 және 15 жас аралығындағы 227 441 оқушының денсаулығы, әлеуметтік қатынастары және психикалық әл-ауқаты туралы ауқымды деректер жинақталған.

Есепте Қазақстандағы оқушылардың өз отбасы (81%), мұғалімдер (72%) мен құрдастары (64%) үнемі қолдап отыратыны жазылған. Есепте «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеу нәтижелері берілген.

Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен жүзеге асырылды.

Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы жиі кездесетін жағдайлар:

  • Балалардың көпшілігінің (81%) психикалық денсаулығы/әл-ауқаты жақсы. Дегенмен, әрбір бесінші жасөспірімнен әрі қарай диагностиканы талап ететін депрессия белгілері байқалады.
  • Жасөспірімдердің 38%-ы күн сайын жеміс-жидек, ал 43%-ы көкөніс тұтынады.
  • Әрбір алтыншы жасөспірім күн сайын құрамына қант қосылған сусын ішеді.
  • 15 жастағы жасөспірімдердің ішінде ер балалардың 35%-ы және қыздардың 27%-ы дене қозғалысына қатысты ДДСҰ ұсыныстарын сақтайды.
  • 15 жастағы ұлдардың 10%-ы, ал қыздардың 6%-ы темекі шегіп көрген.
  • Жасөспірімдердің 12%-ы кем дегенде бір рет кибершабуылға ұшыраған.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысымен толық танысу үшін сілтемеге өтіңіз.

Серіктес жаңалықтары