17.11.2024, 21:13
Қоғам
Жабылып соққыға жыққан: Ақтауда бұзақы балалардың ата-аналары кешірім сұрады
Зардап шеккен оқушының ауруханаға жатқызылмағаны анықталды
Видеодан алынған кадр
Ақтау қаласындағы №24 мектептің оқушысын ұрып-соққан балалардың ата-аналары ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram-дағы парақшада жарияланған видеода ата-аналар өз балаларының теріс әрекеті үшін кешірім сұрағаны көрсетілген. Жазбада жанжалға қатысқан төрт баланың ата-аналарының болғаны айтылады.
Зардап шеккен оқушының отбасы кешірімді қабылдаған.
Еске салайық, оқиға 15 қараша күні №24 мектепте болған. Бір топ оқушы өз қатарласын соққыға жыққан. Маңғыстау облысының прокуратурасы бұл жағдайды өз бақылауына алды.
Сондай-ақ, зардап шеккен оқушының ауруханаға жатқызылмағаны анықталды.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды