Новости спорта, футбол, КПЛ

Бас мүфти: «Қадір түнін өз үйіңізде өткізуге шақырамын»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы көпшілікке үндеу жолдады

Бас мүфти: «Қадір түнін өз үйіңізде өткізуге шақырамын»
фото: Батыржан Беспаев

Наурызбай қажы Тағанұлы көпшілікке жасаған үндеуінде 19 мамыр - Қадір түнін үйде өткізуге шақырды.

«Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіттеріміз таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Биылғы Рамазан айы карантин жағдайында өтіп жатқаны өздеріңізге белгілі. Карантин талаптарын орындауымыз тиіс. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шешім. Мұны түсіністікпен қабылдайсыздар деген үміттемін», - деді ол.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір кешінде Құран хатым дұғасын, уағыз-насихат пен пайдалы дәрістерді онлайн режимде өткізеді. Үйде отырып, онлайн режимде дұғаға қатысып, насихат тыңдауға толық мүмкіндік бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.