$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күні кеше қолға түскен Перизат Қайрат Динара Сәтжанды да алдаған ба

Тележүргізуші Астанада салынуы керек орталық туралы мәлімет айтты 

Күні кеше қолға түскен Перизат Қайрат Динара Сәтжанды да алдаған ба
Фотоколлаж/Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Танымал тележүргізуші, блогер, журналист Динара Сәтжан Перизат Қайраттың өтініші бойынша осыдан үш жыл бұрын қайырымдылық кешін ұйымдастырғанын айтты. Қайырымдылық кешінен түскен ақшаға оңалту орталығы салынуы керек еді. Алайда, Динара Сәтжан ол орталық салынбағанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«3 жыл бұрын Перизат Қайрат хабарласып, Астанада қайырымдылық кешін өткізіп беруімді сұрады. Сондай-ақ, менің дүкенімнен аукционға қоятын киім сұрап, құрбыларым  Баян мен Аиданы шақырып беріңізші деп өтінді. Кештің басты мақсаты - елордада ерекше балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау болды. Әрине, біз келістік. Айтпақшы, кеште сол кездегі «Нұр Отан» партиясының шенеуніктері де болды. Сондықтан да халық «Біз біргеміз» қорының партияға қатысы бар деп қате топшылап отырған сияқты», - деді Сәтжан.

Динара Сәтжан қайырымдылық кешінен кейін Перизатты көрген сайын орталық қашан салынатынын сұрап отырдым дейді.

«Биыл Ораза кезінде досымыз ауызашарға шақырып, сол жерде тағы кездестік. Перизат Астанада  екі танымал гүл брендін сатып алғанын айтты. Мен ол бизнестердің негізін қалаған екі адамды да білемін. Өз бизнесін нөлден бастаған еңбекқор адамдар. Сол кезде мен «Перизат, сен мұнай ұңғымасын тауып алған жоқсың ба?» деп әзілдеген едім. Мен Қаржы мониторинг агенттігінің қандай мүмкіндіктерге ие екенін біліп отырмын. Олигархтардың заңсыз активтерін қайтарып жатқан олардан бірдеме жасыру мүмкін емес деп ойлаймын. Оның үстіне, мәселе 1,5 млрд теңге туралы болып отыр. Перизаттың қалай көмектескенін бәріміз көрдік. Су тасқыны кезінде атсалысып, Газа секторына қалай барғанын да көрдік. Мұның барлығы болған дүние. Адамдардың қиналып жатқанын көргенде, әрине, көмектескің келеді. Бұл жақсы қасиет. Менің ойымша, дәл қазір Перизаттың қорына ақша аударған адамдар қынжылып отыр. Осы жағдайдан кейін бәріміз қайырымдылық қорларының есебін ашық көргізім келеді. Сенімді қорлардың тізімі болса, жақсы болар еді», - деп жазды Сәтжан жеке парақшасына.

Еске салсақ, «Біз біргеміз» қорының жетекшісі Перизат Қайрат су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен күні кеше ұсталған еді.

Серіктес жаңалықтары