$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Немересі қарызымды қайтармады»: Жезқазғанда бөтеннің көлігін бүлдірген азаматқа сот үкімі шықты

Сот айыпталуышының әрекетін қасақана жасалған деп тапты

«Немересі қарызымды қайтармады»: Жезқазғанда бөтеннің көлігін бүлдірген азаматқа сот үкімі шықты
Фото: © istockphoto.com

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген айыпталушыға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 18 қазанда азамат «П» Жезқазған қаласының көшелерінің бірінде өз үйінің маңында азаматша «Ч»-ға тиесілі автокөліктің артқы бүйірлік әйнегін сындырып, төрт дөңгелегін тесіп, тазалағыштарын жұлып, мемлекеттік нөмірлерін алып кеткен. Осының салдарынан автокөлік иесіне 79 597 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілгені белгілі болды.

Сот отырысында азамат «П» өз кінәсін мойындады және бұл әрекетке азаматша «Ч»-ның немересі 105 000 теңге қарызын қайтарудан бас тартуы себеп болғанын түсіндірді. Ол сотта залалды өтеуге дайын екенін де айтты.

«Сот азамат «П»-ның әрекетін қасақана жасалған деп тапты. Бұл жағдай азаматша «Ч»-ның, куәгер «В»-ның айғақтары және залал бағалау есебімен расталды. Сот шешімімен азамат «П»-ның әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық сипаты мен азамат «П»-ның материалдық жағдайын ескере отырып, сот оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот #Жезқазған