«10 қарапайым ереже»: жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Автор: Темірхан Айжан

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ережені сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар мынадай сақтық ережелерін жариялады:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифтпен және баспалдақпен түспеңіз;
  3. Жиhаздан, терезеден алшақ тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабат); ал көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Шығар алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерінің, ғимараттың, ағаштардың жанына жоламаңыз;
  9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетейік, бүгін сейсмикалық станциялар желісі 10 сағат 00 минут 30 секундта Алматы аумағында жер сілкінісін тіркеді.