$ 492.14  528.85  5.01
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2024, 00:30
Қоғам

Түркістан облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізуші қайта ұсталды

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізуші қайта ұсталды
Фото: Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысының Түлкібас ауданында полиция инспекторлары мас күйінде көлік жүргізген азаматты тағы да ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында болған. Полиция қызметкерлері «Subaru» автокөлігінің жүрісінен күдік байқап, оны тоқтатқаннан кейін жүргізушінің құжаттарын тексеріп, медициналық сараптамаға жіберді.

«Тексеру барысында 38 жастағы жүргізушінің бұған дейін ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін сот шешімімен 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Медициналық сараптама оның тағы да мас халде көлік жүргізгенін растады», - делінген хабарламада.

Бұл құқық бұзушылықтың қайталануы жүргізушінің алдын ала жазадан сабақ алмағанын көрсетеді. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары