$ 524.65  552.19  5.14
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2024, 10:38
Қоғам

Ливанда әскери қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар аман-есен елге оралды

Отандастарымыз Ыстанбұл мен Дубай қалалары арқылы ұшып келді

Ливанда әскери қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар аман-есен елге оралды
Фото: istockphoto.com

Таяу Шығыс өңірінде жағдайдың ушығуына байланысты Ливанда қалған 41 қазақстандық елге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

СІМ ақпаратынша, Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және тиісті мемлекеттік органдардың көмегімен Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Ливаннан елге эвакуацияланған.

«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді», - делінген хабарламада.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді, деп атап өтті Cыртқы істер министрлігі.

Осыған дейін Қазақстанның Ливандағы елшілігі елдегі қақтығыстарға байланысты азаматтарды сақтық мақсатында Ливаннан кетуге шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ливан #қақтығыс