03.11.2024, 23:31
Қоғам
Ақмола облысында ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдірген күдікті анықталды
Ұсталған күдікті жасаған іс әрекетін мойындады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Күдікті Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлдіріп, тақтайшаларын жұлған. Полиция оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.
Ұсталған күдікті жасаған іс әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
«Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысты ашу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды